“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КарИУ студенттері жұмыс беруші – «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС өкілдерімен кездесті

[Дата публикации: 14.12.2021, 17:09:28, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Қарағанды индустриялық университетінде «Автоматтандыру және басқару» және «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша оқитын бітіруші курс студенттері өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы негізгі жұмыс берушілердің бірі – «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС-мен кездесті. Кездесуді ұйымдастырушы ретінде «Жасанды интеллект технологиясы» және «Энергетика» кафедралары болды.

Кездесу Қарағанды индустриялық университеті студенттерінің «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС базасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту мәселелеріне арналды. Кездесу барысында «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС өкілдері білім алушыларды кәсіпорынның жұмыс бағыттарымен, мансаптық өсу және таңдалған саланың маманы ретінде қалыптасу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Оқу аяқталғаннан кейін студенттер «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС қызмет салаларымен, жұмыс басымдықтарымен егжей-тегжейлі танысу үшін компанияның буклеттерін алды.

«KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС Технологиялық процестерді бақылау және автоматтандырылған және автоматты басқару жүйелерін жобалау, құру және қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар кешенін орындайды, ол мынадай негізгі бағыттарды қамтиды: жобалау, өнеркәсіптік IT-жүйелер, Автоматтандыру компоненттерін жеткізу, кешенді және пайдалану инжинирингі.

 


Просмотров: 1  265
14.12.2021, 17:09:28, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар