“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Дене тәрбиесі секциясы КарИУ студенттері арасында жарыстар өткізді

[Дата публикации: 20.12.2021, 10:55:12, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 

 

Дене тәрбиесі секциясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау құрметіне КарИУ студенттері арасында жарыстар өткізді.

Қыздар арасында ЖДШ бойынша жарыстар үш бағыттаөткізілді: секіртпемен секіруде 1 орынды Абсатар А., орнында секіруде 1 орынды Тәсібек М. және Жиенбек С., степте секіруден 1 орынды Күндебай Н. алды.

Волейболдан жасөспірімдер арасындағы жарыста бірінші орынды Алаш командасы (Капитан Рахымбек С.), екінші орынды Жуалы командасы (команда капитаны Абдрей Н.), үшінші орынды ТЭК командасы (команда капитаны Қайыпов М.) иеленді.

Футболдан жарысқа 40 адам қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Турнир барысында командалар келесі орындарды иеленді : 1 орын-Әли және К-капитан А. Зайнаев, 2 орын – Аякс – капитан Серікбай О., 3 орын – Азамат 1629-капитан А. Төребаев.

Баскетбол жарыстарында студенттер стрит-бол бағыты бойынша сынға түсті. Ойындар барысында орындар келесідей бөлінді: 1 орын – ҚарИУ командасы – 1 ( капитан Курманбек Р.), 2 орын – ТЭК құрамасы ( капитан Грищенко Д.), 3 орын – ҚарИУ-2 (капитан Муродов М). Жарыстың жеңімпаздары ,жүлдегерлері мен қатысушылары мақтау қағаздарымен, медальдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларды құттықтап, оларға спорттық табыстар тілейміз!

     


Просмотров: 1  319
20.12.2021, 10:55:12, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар