Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған іс-шара
[Дата публикации: 02.12.2021, 16:18:36, жариялауды: Umit Khuangan]
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы Тәуелсіздігіміздің «Орда бұзар» жасы 30 жылдығына тұспа тұс келіп отыр. Осыған орай ҚарИУ-дың 2 курс студенттері қатысуымен Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға ҚарИУ 2 курс студенті – Данышпанова Бахыт модераторлық етті.
Дөңгелек үстелдің спикерлері – Қабланова Д., Қыдырәлі Б., Тұрсынхан А., Тәсібек М., Жиенбек С., Жимахан А., Елтай Н., Уәлиханқызы А., Касымова А., Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып, баяндамаларын оқып, жасалған презентацияларымен таныстырды. Іс-шара соңында қатысушылар мен спикерлерге алғыс хаттар табысталды. Осы іс-шара «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С. жетекшілігімен ұйымдастырылған болатын.
Іс шараның мақсаты – көрнекті қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Ә.Бөкейхановтың мұраларын зерделеу, болашақ ұрпақтың біздердің әрдайым назарымызда, жадымызда болуы керек. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – алаштықтар мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың асқақ арман еді. Қорытындылай келе, Біз өткен тарихымызды толық зерттеп, жете меңгермесек те, күні кешегі Алашорданың, арыстарымыздың тарихын жақсы білуіміз керек. Бүгінгі ұрпақ ХХ ғасыр басындағы қазақтың Тәуелсіз ел болып, еңсе түзеуі жолында қанын қиып, жанын берген тұлғаларымызды көбіне білмейді. Болашағы зор ел боламыз десек, осындай ұлағатты істі ұрпақ жадында мәңгіге қалдыруымыз керек.
Просмотров: 921