“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды индустриялық университеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

[Дата публикации: 30.12.2021, 09:44:18, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 

Қарағанды индустриялық университеті Қырғызстан университеттерімен: И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен және И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды.

И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті заңды тұлға мәртебесі бар және жоғары, орта кәсіптік және қосымша жалпы кәсіптік білім беру саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылады.

И.Раззаков (ҚМТУ) атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті Қырғызстанның инженерлік-техникалық білімінің флагманы болып табылады. Университет Қырғызстан республикасына жақын және алыс шетелдерге түрлі бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмалары, сондай-ақ даму жоспарының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру шеңберінде біздің университет халықаралық университеттермен серіктестік байланыстарды кеңейту бойынша белсенді жүйелі жұмыс жүргізуде.

Жасалған меморандумдар шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ғылыми зерттеулер, тағылымдамалар өткізу, инновациялық технологиялар ғылымы саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу, әлемдік ғылыми-білім беру және ақпараттық жүйелерге интеграциялау, халықаралық қорлар мен ұйымдар конкурстарына қатысу үшін бірлескен ғылыми халықаралық жобаларды әзірлеу болып табылады.

Біздің университет пен И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Университеті, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті арасында жасалған меморандумдар ҚарИУ халықаралық білім беру интеграциясы ісіндегі тағы бір маңызды қадам болды.

 

 

 


Просмотров: 1  474
30.12.2021, 09:44:18, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар