“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Тамаша жеңіс

[Дата публикации: 09.12.2021, 18:25:19, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Қарағанды индустриялық университетінің командасы бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық поэтикалық баттлда тамаша жеңіске жетіп, екінші орын алды.

Біздің команда құрамында Тілеубек Арайлым, Құндебай Нұрсезім, Жарылқасын Мырзахмет, Шарапат Ақнұр дарынды бірінші курс студенттері болды.
Байқау барысында біздің студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, бірінші курс студенттерінің арасында талантты адамдар аз емес екенін атап өткен жөн. Топ мүшелері өздері өлең жазады, көптеген ақындардың шығармаларын жатқа біледі.

Біз студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен жаңалықтар тілейміз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біздің студенттердің әрбір жеңісі университетіміздің жетістіктерінің қоржынын толықтырады. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

 

 

 

 


Просмотров: 966
09.12.2021, 18:25:19, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар