Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықтың мүмкін жолдары
[Дата публикации: 04.11.2021, 16:18:36, жариялауды: Umit Khuangan]
«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Н.П. Сапарходжаев пен «Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісі А.С. Ержанов Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің 12-ші отырысының жұмысына қатысты. Кездесу ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Проректор университет туралы презентациялық материалдармен таныстырып, Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдары белсенді қатыса алатын ғылыми бағыттар туралы айтып берді. Университеттің ғылыми қызметін талқылау барысында Кәсіпкерлер Палатасының мүшелері Құрылыс, Химиялық Инжиниринг және Материалтану бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі туралы қызықты сұрақтар қойды. Кездесу аяқталғаннан кейін Қарағанды аймағының мүдделі компаниялары мен кәсіпорындарының қатысуымен жұмыс тобын құру және одан әрі жұмыс істеу үшін Қарағанды индустриялық университетінің базасында кездесуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Просмотров: 454