Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара шеңберінде ғылыми семинар өткізілді
[Дата публикации: 19.11.2021, 16:06:03, жариялауды: Umit Khuangan]
«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде ғылыми семинар өткізілді. Семинарға университет кафедраларының ғалымдары мен магистранттары қатысты. Кафедра доценті, т.ғ. к Әшкеев Жасұлан Аманжолұлы «Үздіксіз көлемді металл наноматериалдарды алу әдістері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында наноматериалдарды алу үшін пайдаланылатын металдарды қысыммен өңдеудің қолданыстағы және перспективалық тәсілдері ұсынылды. Біздің университет ғалымдарының зерттеулері ерекше атап өтілді. Баяндама қатысушылардың қызығушылығын тудырып, сындарлы пікірталасқа ұластырды. Семинар тақырыбы бойынша кафедра ғалымдары В.И.Романов, Е.С.Бестембек, Ноғаев Қ.А. өз пікірлерін білдірді. Баяндаманың кейбір ережелерін нақтылай отырып, кафедраның жас ғалымы М. Ж. Әбішкенов сөз сөйледі. Қатысушылар семинар металл наноматериалдарды алу әдістерін дамыту мәселелері мен мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ наноқұрылымдарды қалыптастыру процесін сүйемелдейтін негізгі үдерістер түсінігін қалыптастыруға көмектескенін атап өтті.
Просмотров: 648