Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мәнерлеп оқу байқауы өтті
[Дата публикации: 18.11.2021, 16:36:26, жариялауды: Umit Khuangan]
2021 жылдың 18 қарашасында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мәнерлеп оқу конкурсын өткізді.
📌Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
– патриоттық бағыттағы классикалық және өзіндік поэзия туындыларын насихаттау, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу;
– көркем сөз жанрын меңгерген дарынды орындаушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру;
– біздің мәдениетіміздің ұлылығы мен тіл байлығын көрсететін Қазақстанның әдеби мұрасымен танысу;
– студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
📌Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде классикалық және заманауи өлеңдер, прозалар мен әндер шырқалды. Байқауға қатысушылар өлең айту және ән айту сияқты керемет қабілеттерін көрсетті. Байқауға 30-дан астам оқырмандар қатысты.
🏆Байқаудың жеңімпаздары: 1 орын – Савицкая Светлана, Акишева Амарал, Тлеубек Арайлым.
2 орын – Аманқосова Фатима, Мирзабаева Асель, Рахимов Даулет.
3 орын-Конратов Бексултан, Емельянов Евгений, Аубакиров Бахтияр.
Мәнерлеп оқу сайысы мейірімділік атмосферасында өтті. Барлық қатысушылар грамотамен, дипломмен, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігі мен құрметі үшін сыйлықтармен марапатталды.
Просмотров: 730