“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ-да шетелдік профессордың қатысуымен ЖИТ және «Энергетика» кафедраларының бірлескен ашық отырысы өтті

[Дата публикации: 24.11.2021, 19:29:13, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Қарағанды индустриялық университетінде 2021 жылдың 24 қарашасында ЖОО – ның шетелдік қонағы-техника ғылымдарының докторы, Криворожск ұлттық университетінің профессоры В. К. Тытюктің қатысуымен «Жасанды интеллект технологиялары» және «Энергетика» кафедраларының бірлескен ашық отырысы өтті..

Екі ЖОО өкілдерінің кездесуі жанды, жемісті форматта өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қарағанды индустриялық университеті мен Криворожск ұлттық университеті арасындағы кафедралық деңгейдегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды:

1) «Энергетика» және «Жасанды интеллект технологиялары» кафедраларының магистранттарына диссертациялық зерттеу тақырыптары бойынша профессор В. К. Тытюктің консультацияларын ұйымдастыру;

2) профессор В. К. Тытюктің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Инновациялық технологиялар және инженерия» атты XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы;

3) профессор В.К. Тытюктің ЭПО-19, ЭПО-19к, ИСА-19, ИСА-19к тобының студенттері мен 1-курс магистранттары қонақ дәрістерін өткізу;

4) цифрлық білім беру мультимедиялық тапсырмаларын әзірлеуде өзара әдістемелік көмек көрсету;

5) Криворожск ұлттық университеті ПОҚ-ның ғылыми және зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ КарИУ білім беру бағдарламаларын рецензиялауға қатысуы;

6) Криворожск ұлттық университеті мен Қарағанды индустриалдық университеті ПОҚ-ның бірлескен ғылыми мақалаларын дайындау;

Криворожск ұлттық университетінің профессоры Тытюк В.К. ҚарИУ-ға жұмыс сапары  2021 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

   


Просмотров: 708
24.11.2021, 19:29:13, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар