ҚарИУ-да жастар мен адам саудасының алдын алуға бағытталған семинарлар сериясы жалғасуда
[Дата публикации: 23.11.2021, 14:15:25, жариялауды: Umit Khuangan]
Тәрбие жұмысы департаменті «Қайсар» қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп қазақ бөлімінің студенттері үшін «Қазіргі қоғамдағы адам саудасына қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты адам саудасына байланысты қылмыстар саласында хабардарлықты арттыру болып табылады. Іс-шара қорытындысы бойынша онлайн-семинарға қатысушылар адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды ұсынды.
Семинар барысында студенттер белсенді сұрақтар қойып, пікірталастарға қатысып, заңсыз жұмысқа орналасу тәуекелдерін талқылады. Семинар – тренинг соңында қатысушыларға құл саудагерлерінің желісіне және жедел желі телефондарына қалай түспеу туралы ақпарат жазылған брошюралар табыс етілді.
Просмотров: 644