Сенің таңдауың-сенің өмірің
[Дата публикации: 22.11.2021, 17:49:00, жариялауды: Umit Khuangan]
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде Теміртау қаласы бойынша облыстық ЖИТС бөлімінің мамандары білім бөлімімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, халықтың білімін арттыруға және АИВ-инфекциясының алдын алу шараларына бағытталған түрлі іс-шаралар өткізуде.
22-26 қараша аралығында Қарағанды индустриялық университетінде өтетін «Сенің таңдауың-сенің өмірің!», нашақорлық пен АИВ – инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні бізге барлығын ортақ жауапкершілікке, теңсіздікті жоюға және пандемияны тоқтатуға шақыруға мүмкіндік береді. Аталған іс – шараның негізгі мақсаты-халықтың назарын осы қауіпті аурудың таралу проблемасына аудару және халықтың АИВ-мен күрес саласындағы хабардарлығын арттыру.
Алдын алу шаралары мен ізгілікті адам-бағдарланған тәсіл АИВ-ны толық бақылауға алуға және ешкімнің артта қалмайтынына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Просмотров: 758