“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Сапалы білім-еліміздің басты басымдылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

[Дата публикации: 09.11.2021, 17:38:54, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Қарағанды индустриялық университетінің 2 курс студенттері, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С. бірге Теміртау қаласының «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени» орталығында 9 қараша күні өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегі күні мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев жылдағы дәстүрлі Қазақстан халқына «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» – атты кезекті жолдауын жасаған болатын.
Мемлекет басшысының жолдауын талқылауда «Сапалы білім-еліміздің басты басымдылығы» тақырыбында болған дөңгелек үстелге қалалық Нұр Отан партиясының, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері және тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы музейінің ғылыми қызметкерлері қатысып, отырыста ой бөлісті. Мемлекет басшысы осы жолдауында «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отырғандығын атай келе, Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз» – дей отырып, мемлекет басшысы алдағы кезеңдегі ел дамуының басты локомативі білім мен ғылым саласына құйылған капиталдың маңызды екенін баса айтқан болатын.
Іс – шара қонақтарымен бірге баяндама жасаған «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С. білім беру саласындағы түйткілді мәселелер мен сапалы маман дайындауға байланысты өз ойымен бөлісті. Дөңгелек үстел қонақтарымен қатар ҚарИУ студенттері де сұрақтар қойып, өздерінің ойында жүрген сауалдарға жауап ала алды.

   


Просмотров: 474
09.11.2021, 17:38:54, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар