“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Борусан Макина Қазақстан» компаниясына жұмыс сапары

[Дата публикации: 03.11.2021, 10:05:57, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Қарағанды индустриялық университетінің кафедралары өндірістің жаңа техникасы мен технологиясын қолданатын, заманауи жабдықтармен жабдықталған кәсіпорындарда кәсіби тәжірибе базаларын кеңейту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Осы жұмыс аясында «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының оқытушылары Қазақстан аумағындағы Caterpillar Inc (Құрылыс және тау-кен өндіру техникасын әлемдік ірі өндірушілердің бірі) компаниясының ресми дилері болып табылатын «Борусан Макина Қазақстан» компаниясының Қарағанды филиалына болып қайтты. Сапар барысында университет оқытушылары компанияның сервистік оқыту бөлімінің мамандарымен кездесіп, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасымен және өндірістік үдерісімен танысты. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша студенттердің кәсіптік практикасын өткізуге шарт жасалды. «Борусан Макина Қазақстан» компаниясының заманауи материалдық-техникалық базасында кәсіби практикадан өту студенттерге перспективалық технологиялар мен жабдықтар бойынша теориялық білімдерін бекітуге, Құрылыс және тау-кен өндіру техникасының тораптары мен агрегаттарын жөндеу және қалпына келтірудің сертификатталған және дилерлік бағдарламаларын пайдаланатын нақты өндірістік процестерге қатысуға мүмкіндік береді.


Просмотров: 474
03.11.2021, 10:05:57, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар