“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ» XI Халықаралықғылыми-практикалық конференциясын өткізу туралы

[Дата публикации: 26.11.2021, 15:04:27, жариялауды: Umit Khuangan]

 

2021 жылдың 25 қарашасында Қарағанды индустриялық университеті (Теміртау қ.) базасында «Инновациялық технологиялар және инжиниринг» XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуы онлайн-форматында өтті.

Конференция қатысушыларына университет ректоры Абдрасилов Б.С. құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өткізілген конференцияның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, жоғары білім беру жүйесін реформалау бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып, университеттің 2024 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтты.

Конференцияға қатысушыларға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті М.Ж. Жұрыновтан, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Ж.Д. Құрманғалиевадан, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың үзеңгілестері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Сүлейменов, техника ғылымдарының докторы, профессор К.З. Сарекеновтан және басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінен көптеген құттықтау хаттар келіп түсті. Болатбек Серікбайұлы құттықтау хаттарын жіберген барлық ғалымдар мен әріптестеріне алғысын білдірді.

Қарағанды облысы және Теміртау қаласы әкімдігінің атынан Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Зияшев С.С. сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қарағанды индустриялық университетінің Қарағанды облысының ғылымын, өндірісін дамытудағы және ғылыми-техникалық базасын құрудағы ерекше рөлін атап өтті.
Конференция жұмысына қатысу үшін Болгария, Польша, Ресей, Украина, Малайзия, Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің белгілі жетекші ғалымдары қатысқан 4 панельдік сессияда 100 – ден астам мақала мен сөз сөйлеулер жарияланды. Сондай-ақ, конференция аясында отандық жетекші ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессоры, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты К.З. Сарекеновтің «Шойын балқыту жүйесіндегі зияткерлік сараптамалық бағалау және болжау” тақырыбында семинар-дәрісін өткізу жоспарлануда.
Конференция ғылыми қоғамдастықтың ақпарат алмасуын жолға қоюдың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзіндік алаңына айналады. Жетекші ғалымдар, магистранттар, университет студенттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүргізілген зерттеулер тәжірибесімен бөлісіп, өз жұмыстарының нәтижелері туралы айтып береді.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ Электронды (PDF) форматта ұсынылады, конференцияға қатысушыларға сертификаттар, секциялық жұмыстардың баяндамашыларына қатысушының дипломдары, ал пленарлық отырысқа қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Жекелеген жұмыстар ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін жаңа ғылыми жобаларды дайындау үшін база болады.
     

Просмотров: 922
26.11.2021, 15:04:27, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар