Жастар және мұра: оқу, ілгерілету, сақтау
[Дата публикации: 05.11.2021, 12:04:15, жариялауды: Umit Khuangan]
ТМЖ-18 тобының студенті Бағдат Жарылқасын тұрақты даму мүддесінде білім беру шеңберіндегі «Жастар және мұра: оқу, ілгерілету, сақтау» республикалық білім беру-практикалық жобасына қатысты.
Бұл жобаның басты мақсаты: ішкі ұлттық туризмді дамыту, тұрақты туризмді насихаттау, жаңа туристік бағыттарды ашу және мәдени және тарихи мұра нысандары туралы білімді тарату.
Бағдат Жарылқасын Сапарұлы әзірлеген «Қарқаралы» бағыты үздіктердің бірі болып танылды. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті.
Жарылқасын ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегері болып табылады. Сондай-ақ мәдени-бұқаралық қызметке де араласады: КВН университеттік командасының құрамында ол «Магнитка NEXT» ашық КВН лигасының жүлдегері болды.
Осы бағыттың танымал және сұранысқа ие болуын тілейміз, бұл жақын арада авторға Қарағанды облысының дамуы мен танымал болуына үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз!!!
Просмотров: 447