«Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне» орай өткен іс-шара
[Дата публикации: 17.11.2021, 16:27:14, жариялауды: Umit Khuangan]
Қарағанды индустриялық университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С 16-17 қараша күндері «Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне» орай «Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында» іс-шара ұйымдастырған болатын. Осы іс-шараға «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттері қатысты.
✍🏻 «Құқық негіздері және парасаттылық» пәні бойынша іс-шара барысында студенттерге көне кезеңдерден бастап ақшаның қалыптасуы мен айналымда дамуына байланысты дәріс өткізілді. Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында дәріс соңында «Тарихи монополия» ойыны өткізілді. Ойын барысында студенттер топқа бөлініп, топ басшыларымен бірге қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған логикалық сұрақтар мен тапсырмаларды орындады. Тарихи экспоненттер қолдана отырып құрылған ойын тапсырмасын орындауда студенттер тарих пен бүгінгі күн сабақтастығын ұғынды. Ойын арқылы әрбір студент біздің заманымызға дейінгі қазақ және өзге ұлт өкілдерінің қол өнерін, шаруашылығын, сауда саттық жасауын, валюта құнын және оны айырбастау, кәсіп көзіне байланысты қызықты мағұлматтарды меңгерді.
✍🏻Іс-шара соңында «Нумизматика» залында өткен көрмеде «теңге» тарихымен танысып және өзгеде құнды ақшаларды көруге мүмкіндік алды. Студенттер мұражайдан ерекше сезіммен қайтты. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының ПОҚ құрамы атынан «Теміртау қалалық тарихи өлкетану мұражайында» ұжымына және экскурсовед Сыздыкова Гулім Сәкетаевнаға алғыс білдіреміз!
Просмотров: 563