“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Металдарды қысыммен өңдеу процестерінің технологиясы мен жабдығы» тақырыбында мастер-класс

[Дата публикации: 05.11.2021, 17:22:34, жариялауды: Umit Khuangan]

 

2021 ж.5 қарашада «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды индустриялық университетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті, PhD, Панин Евгений «Металлургия және машина жасау» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары үшін «МҚӨ процестерінің технологиясы және жабдығы» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс шеңберінде жетекші отандық және шетелдік ғалымдармен коллаборацияда ОМД кафедрасының ғалымдары жүргізген соңғы өзекті ғылыми жұмыстар туралы баяндалды. Көрсетілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша Scopus және Web of science дерекқорына кіретін жетекші әлемдік дәйексөзді басылымдарда бірқатар ғылыми жарияланымдар жарыққа шықты.
Мастер-класстың мақсаты факультеттің білім беру бағдарламалары шеңберінде ғылыми жұмыстарды насихаттау және жастардың ой-өрісін кеңейту, сондай-ақ оларды жаңа шығармашылық жұмыстарға, жетістіктерге, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге шабыттандыру болды.
А. Полежаев айтқандай: «Ғылым биік тұрған жерде адам биік тұрады».


Просмотров: 508
05.11.2021, 17:22:34, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар