“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Кітап арқылы білім әлеміне» атты жаңа әдебиеттер кітап көрмесі

[Дата публикации: 12.11.2021, 09:59:08, жариялауды: Umit Khuangan]

 

11 қарашада Қарағанды индустриялық университетінің Ғылыми кітапханасында жаңа оқу әдебиетінің кітап көрмесінің ашылуы өтті. Бұл жолы кітапхана өз оқырмандары үшін «Кітап арқылы білім әлеміне» жаңа әдебиеттердің ашық көрінісін дайындады.

Кітап көрмесінің ашылуында басқарма төрағасы – Ректор Б. С. Абдрасилов құттықтау сөз сөйледі.

Экспозицияда 2021 жылы кітапханаға келіп түскен барлық әдебиеттер: университет Қазақстан мен Ресейдің 9 кітап сауда баспасынан сатып алған әдебиеттер; университет қаражаты есебінен басылып шыққан КарИУ оқытушыларының оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеті (45 атау); Қазақстанның түрлі баспаларында басылып шыққан және біздің оқытушыларымыздың кітапханаға сыйға тартқан әдебиеті (36 атау) ұсынылды. Кітаптар 3 тілде ұсынылған: қазақ, орыс және ағылшын.
Қазіргі уақытта барлығы 1706 дана кітап сатып алынды, бұл 153 атау. Сондай – ақ, мемлекеттік сатып алу жұмысында 191 атау қалды – 910 дана оқу әдебиеті.

Сонымен қатар, биыл 5000 пайдаланушыға есептелген тағы 5 мультимедиялық оқулық сатып алынды. Бұл оқулықтың мәтіндік материалдары, видео дәрістер, анимациялар, виртуалды зертханалар, студент пен оқытушыға арналған қосымшалар бар ерекше электронды бағдарлама. Енді ЖОО-да осындай 20 мультимедиялық оқулық бар, бұл студенттерге оқу материалын белсенді меңгеруге және кәсіби құзыреттілік пен дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

 

     

 


Просмотров: 444
12.11.2021, 09:59:08, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар