“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасы колледж студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді

[Дата публикации: 16.11.2021, 16:14:38, жариялауды: Umit Khuangan]

 

2021 жылдың 12 және 16 қарашасында «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының өкілдері Теміртау жоғары политехникалық колледжі мен Теміртау экономикалық колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша оқитын бітіруші топ студенттерімен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында студенттерге Қарағанды индустриялық университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Сапарходжаев Н.П. сөз сөйлеп, ЖОО-да IT-мамандарды даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттары туралы айтты. Колледж студенттері университетте жұмыс істейтін ғылыми үйірмелер, Kaspersky, Huawei және Cisco курстарында ақпараттық қауіпсіздік және желілік технологиялар саласында қосымша оқу алу мүмкіндіктері туралы білді.

«Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының меңгерушісі  Қонаев В.А. тыңдаушыларды кафедраның білім беру бағдарламаларымен таныстырып, студенттердің оқу барысында алатын дағдылары мен құзыреттіліктері, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сонымен қатар студенттер колледжден кейін Қарағанды Индустриялық университетіне түсу ережелері, Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері туралы толық ақпарат алды.

Іс-шаралар колледж студенттерінің қызығушылығын тудырды, олар спикерлерге Қарағанды индустриялық университетінде оқуға, ойын бағдарламалау үйірмесінің жұмысына, оқытылатын пәндер мен оқуға түсу тәртібіне қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Екі кездесудің соңында «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының оқытушысы Белгібаева Л.М. тыңдаушыларға «Автоматтандыру жүйелері инженериясы», «Жасанды интеллект технологиялары» және «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді.

Студенттердің жалпы қамтылуы шамамен 130 адамды құрады.

 

   

 


Просмотров: 550
16.11.2021, 16:14:38, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар