“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ-да «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының студенттеріне арналған «АМТ» АҚ мамандарының онлайн-дәрісі өтті

[Дата публикации: 10.11.2021, 17:28:16, жариялауды: Umit Khuangan]

 

«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасында бизнес және өндіріс өкілдерінің студенттерге арналған дәрістері жалғасуда.
Бұл жолы, 2021 жылғы 10 Қарашада онлайн форматта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдерінің автоматтандыру жүйелері инженериясы», «жасанды интеллект технологиялары», «бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламаларының студенттеріне қонақ дәрісі өткізілді.
Лектор ретінде «АрселорМиттал Теміртау»АҚ техникалық диспетчерлеу цехының жетекші инженері Ерболат Рапагатов сөз сөйледі. Ол тыңдаушыларға осы бөлімше жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, дәріс барысында Ethernet, IOT (Заттар интернеті), Smart glass ( ақылды көзілдірік) пайдалану мүмкіндіктері, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да бейнеталдауды пайдалану сияқты тақырыптар қозғалды.
Онлайн-дәріске 70-ке жуық студент қатысты.
Университет басшылығы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен студенттерге тұрақты негізде осындай онлайн-дәрістер өткізу туралы, сондай-ақ «автоматтандыру жүйелері инженериясы», «жасанды интеллект технологиялары», «бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін техникалық диспетчерлеу цехы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.

 


Просмотров: 480
10.11.2021, 17:28:16, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар