Университет шетелдік студенттерді тарту бойынша жұмысты жандандырды.
[Дата публикации: 15.10.2021, 17:53:49, жариялауды: Umit Khuangan]
Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын орындау аясында университет шетелдік студенттерді тарту бойынша жұмысты жандандырды. Осы мақсатта 8 қазанда біздің университеттің профессор, техника ғылымдарының докторы Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы бастаған делегациясы Өзбекстан Республикасына аттанды.
Университет өкілдері Заравшан, Тамды, Үшқұдық, Келмек қалаларында мектеп түлектерімен, ата-аналар қауымдастығымен және мектеп педагогтарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында біздің университеттің жетістіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Университетте оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасалған, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жақсартылған, студенттердің жеке тұлғасын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Біздің университетте оқу көптеген шетелдік азаматтар үшін тартымды. Бүгінгі таңда біздің университетте 150-ден астам шетелдік студент оқиды, биыл Өзбекстан мектептерінің 60-тан астам түлегі студент атанды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Просмотров: 653