“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті

[Дата публикации: 22.10.2021, 14:55:02, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Бүгін біздің университет студенттері үшін “Саналы ұрпақ” студенттік клубтарының слеті ұйымдастырылды. Модератор ретінде Қарағанды индустриялық университетінің  Әдеп жөніндегі уәкілі Галина Александровна Сивякова сөз сөйледі.

Галина Александровна бұл слеттің басты мақсаты – Университет қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасының шешімін табу және назар аудару екенін атап өтті. Ол сондай-ақ университетте Студенттерді рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге, студенттердің бойында саяси-құқықтық білімді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралардың іске асырылуы туралы айтып берді.

Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, ЖОО шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты қалай жақсартуға болады және ақпаратты университеттің барлық студенттеріне қалай дұрыс және тиімді жеткізу туралы ұсыныстар жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың шынайылығын, маңыздылығын көрсетіп, біздің қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың дамып, нығайып келе жатқанын айғақтайтынын атап өту маңызды.

             


Просмотров: 744
22.10.2021, 14:55:02, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар