2021 жылғы 10-13 қазан аралығында Павлодар қаласында «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында «жоғары білімді интернационалдандыру: Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындарының тиімді серіктестігі» атты Қазақстан-американдық семинар-тренинг өтті.
[Дата публикации: 20.10.2021, 14:58:09, жариялауды: Umit Khuangan]
2021 жылғы 10-13 қазан аралығында Павлодар қаласында «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында «жоғары білімді интернационалдандыру: Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындарының тиімді серіктестігі» атты Қазақстан-американдық семинар-тренинг өтті. Семинарға Қазақстан бойынша 20-дан астам университет өкілдері, соның ішінде «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ ғылым және инновациялар департаментінің өкілі Дилара Ережепова қатысты. Семинар-тренинг АҚШ пен ҚР-дағы жоғары білім беруді интернационалдандыру үрдістерін, әріптестікті іске асыру стратегияларын зерделеуге, коммуникация дағдыларын қалыптастыруға және АҚШ-тағы серіктестермен ынтымақтастық тәжірибесін зерделеуге бағытталған. Спикерлер қатарында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Эмбер Ора, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова, Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов сөз сөйледі. Семинар барысында Колорадо және Тынық мұхиты университетінің сарапшылары Сьюзан Стюарт пен Рональд Уайли екі немесе одан да көп мәдениеттердің өзара әрекеттестігі кезінде туындайтын мәселелерді шешуге және мүмкіндіктерді барынша пайдалануға бағытталған «диалог мәдениеті» тренингін өткізді. Бұдан басқа, «серіктестік туралы ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» тренингі өткізілді, сондай-ақ АҚШ үкіметі қаржыландыратын алмасу бағдарламалары ұсынылды.
Просмотров: 900