“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ».

[Дата публикации: 28.10.2021, 17:35:36, жариялауды: Umit Khuangan]

 

 


27-28 қазан күндері «ZOOM» платформасында онлайн форматта біздің университет студенттері үшін «Болашаққа жол өзіңнен басталады» тақырыбында вебинар өтті. Бұл білім беру жобасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы ұйымдастырды.

Вебинар спикерлері онлайн-дәрістер, интерактивті жаттығулар, командалық ойындар мен тренингтер өткізді. Шара барысында студенттер Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері әзірлеген «Тәуелсіздік дәуірі», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол», «Ұлы Даланың жеті қыры» дәрістерін тыңдап, пікір алмасып, практикалық тапсырмаларды орындады.

Вебинар жоғары деңгейде өтті. Студенттерге профессорлық құрам өте ұнады: құзыретті және жан-жақты тұлғалар, ең бастысы олар студенттердің қызығушылығын танытқан барлық сұрақтарға жауап берді.

Біз Бердагулова Сағынтай Кеңесқызына, Үмбетова Күнзия Ағымбайқызына, Хамитова Ақбота Камоевнаға және ұйымдастырушыларға жеке алғысымызды білдіреміз, олар бізге бірнеше тілдерді білудің маңыздылығын түсініп, өз еліміздің тарихын көбірек білуге түрткі болды.

 

     


Просмотров: 489
28.10.2021, 17:35:36, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар