“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

МАХМҰТОВ БОЛАТ БИЖАНҰЛЫ

[Дата публикации: 07.10.2021, 18:05:06, жариялауды: Әкімшілік]

 

Махмұтов Болат Бижанұлы – кандидат химических наук

Білімі:

1993-1997жж. Қорқыт Ата Қызылорда гуманитарлық университетінің физика-математика факультеті «Физика»мамандығы бойынша

1998-2000 жж. Ресей Ғылым академиясының «Жасуша биофизикасы» институтының биофизика мамандығы бойынша магистратурасы

2005ж. «Физикалық химия»мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты

Академиялық тәжірибесі:

1997-1998 жж.- №27 С. Есқараев атындағы Дарынды балаларға арналған мектептің физика пәні мұғалімі.

1998-2009 жж. – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы, аға оқытушысы., физика-математика факультеті деканының орынбасары, тестілеу орталығының бас әдіскері.

2009-2012жж. – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі.

2013-2014 жж.- Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры.

2007-2017жж. – Қызылорда облыстық онкологиялық орталығының физик-дозиметрисі (қоса атқарушы).

2014-2017 жж. «Өрлеу» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық бөлімінің» бастығы.

2017-2019 жж. – ҚР БҒМ ҒК Ұлттық биотехнология орталығының ҒЗЖ үйлестіру бөлімінің бастығы.

2019-2021 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі.

Жетістіктері:

– Қызылорда қаласындағы Дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі, қазақ-түрік лицейі оқушыларының, республикалық, халықаралық ғылыми байқауларда I, II, III орын алған және халықаралық ғылыми жобалар гранттарының иегерлері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттерінің жобаларына ғылыми жетекшілік жасады (2005-2012).

– 60-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 1 ғылыми монографияның авторы.

Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Электромагниттік сәулеленудің суға және биологиялық жүйелердің судағы ерітінділеріне әсерін физика-химиялық тұрғыда зерттеу».

– ҚР БҒМ жариялаған гранттық қаржыландыру бойынша ұтып алынған ғылыми жобалардың тең авторы (2016, 2020).

Марапаттар:                 

2006 ж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының алғыс хаты.

2007 ж. «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Бірінші орынбасарының Алғыс хаты.

2007 ж.Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты.

2011ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының алғыс хаты.

2014 ж. Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының алғыс хаты.

2017ж. «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы төрағасының алғыс хаты.

2019ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының алғыс хаты.

2020 ж. Ғылым күні мерекесіне орай Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының құрмет грамотасы.


Просмотров: 1  235
07.10.2021, 18:05:06, Әкімшілік Тараулар: Резюме