“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КарЛАГ мұражайына экскурсия

[Дата публикации: 26.10.2021, 12:16:44, жариялауды: Umit Khuangan]

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында университетіміздің студенттері үшін маңызы бар тарихи орындарға таныстыру экскурсиялары  өткізіледі және осындай орындардың бірі Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы (Карлаг мұражайы) болды. Металлургия және машина жасау факультеті ФӨТ-21к-5 тобының студенттері кураторы Рахметова Анар Асқарбайқызымен бірге КарЛАГ мұражайында болып қайтты. Олар Сталиндік қуғын-сүргіннің ауыр жылдары туралы жаңа ақпарат алып, КарЛАГ мұражайының тарихы туралы көп нәрсе білді.

 

Өткізілген экскурсия студенттерге өз өлкесінің тарихын түсінуге және сезінуге, танымдық қызығушылықтарын кеңейтуге, өз елінің тарихына деген құрмет сезімін оятуға мүмкіндік берді. Экспозицияның ең қорқынышты бөлігі мұражайдың жертөлелерінде орналасқан. Онда тұтқындарды жауапқа тартып, азаптаған камералар көрсетілді. Студенттерге мұражайға бару қатты әсер қалдырды, өйткені мұндай ауқымдағы қайғылы оқиға ешкімді бей-жай қалдыра алмайды. Бұл болашақта қайталануды болдырмау қаншалықты маңызды екенін еске салу болды.

        


Просмотров: 700
26.10.2021, 12:16:44, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар