Рухани келісім – халық бірілігіне бастар жол.
[Дата публикации: 15.10.2021, 12:03:23, жариялауды: Umit Khuangan]
Рухани келісім – халық бірілігіне бастар жол.
1992 жылы еліміздің сол кездегі астанасы Алматы қаласында рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен. Осы конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақыныңа қайырымдылық және көмек көрсету күні деп жариялау туралы манифесті қабылданған болатын.
Сол уақыттан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат – еліміздегі 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату.
Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құр¬мет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтарды берік орнықтырды. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына үлкен себеп. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.
Біздің университеттің студенттері тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы және Теміртау қаласының Конфессияаралық қатынастарды талдау орталығымен бірлесіп рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған акцияға белсеңді түрде қатысты.
Айта кету керек, біздің университеттің студенттері ешкімді ұлттық белгілері бойынша бөлмейді, әр ұлт пен ұлттың тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін құрметтейді.
Біздің студенттер достықты, бейбітшілік пен бірлікті қолдайды!
Просмотров: 1 001