Адалдық сағаты
[Дата публикации: 29.10.2021, 11:29:59, жариялауды: Umit Khuangan]
АДАЛДЫҚ – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар–ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық–этикалық жиынтығы. Қазақ халқының адалдық жайында өзіндік түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», – деген. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттаған.
Қарағанды индустриялық университетінің студенттері арасында 28-29 қазан күндері кезекті «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Адалдық сағатының мақсаты – студенттерге адамның басты құндылықтары – адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім туралы ұғындыру, студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Кураторлық сағаты барысында студенттерге Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұсынған Қазақстан КВН Одағының Президенті Есентүгел Елеукенмен «Адалдық сағаты» бейнеролигі көрсетілді.
Адалдық сағаты әдеттегідей жоғары эмоионалды деңгейде өтті.Студенттер бейнероликті қызығушылықпен қарап, адалдық құндылықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Просмотров: 562