“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

4-15 қазан аралығында ҚарИУ спорт корпусында «Бірінші курс студенті-2021» дәстүрлі спартакиадасы болып өтті.

[Дата публикации: 19.10.2021, 15:42:11, жариялауды: Umit Khuangan]

 

Спартакиада спорттың 9 түрін қамтыды . Екі апта ішінде бірінші курс студенттері кімнің мықты екенін анықтады.Спартакиадаға төрт команда қатысты: Металлургия және машина жасау факультеті,
Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті, Экономика және құрылыс факультеті,
Техника-экономикалық колледжінің командасы.

Соңғы күні спорттық-ойын-сауық эстафетасы өте жоғары эмоционалды деңгейде өтті.
Жарыстың барлық күндерінің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
🥇1 орын-Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті
🥈2 орын- Металлургия және машина жасау факультеті
🥉3 орын- Техника-экономикалық колледжі
Жеке жарыстарда бірінші орын алды :
🏓Үстел теннисі-Байсеитов Жеңіс
♟Шахмат-Абдукадыр Сабыржан
♟Дойбы-Байсеитов Жеңіс
♟Дойбы қыздар-Қыдыр Назерке
🔴Тоғыз-құмалақ-Қыдыр Назерке.
Үздік студенттер қалалық және облыстық жарыстарға қатысу үшін университет құрамасына енгізілді.


Просмотров: 695
19.10.2021, 15:42:11, Umit Khuangan Тараулар: Жаңалықтар