«Болашақ бүгіннің өзінде» – үшінші Нобель фестивалі
[Дата публикации: 26.10.2021, 13:56:42, жариялауды: Umit Khuangan]
26 қазан «Болашақ бүгіннің өзінде» атты үшінші Нобель фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Nobel Fest-Қазақстан, Орталық Азия және Кавказдағы ең ауқымды және ықпалды ғылыми-білім беру форумы болып табылады.
Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан, Орталық Азия, Кавказ мемлекеттеріндегі түрлі салада жұмыс істейтін азаматтарға әлемдегі ең мықты Нобель сыйлығы иегерлерімен, белгілі ғалымдармен, бизнес саласындағы танымал адамдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Осы іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары инклюзивті Даму Қоры, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы және G-Global халықаралық Жобасы болып табылады.Фестиваль Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі.
26-29 қазан аралығында Үшінші Нобель фестивалі төрт негізгі бағыт бойынша өтеді:
- Жасыл шындық
- Инновациялар ғасыры
- Адамдар үшін экономика
- Болашақ мамандықтары
Фестивальге қатысушылар тізімінде:
1.Мо ГАВДАТ – «Бақыт формуласы» бестселлерінің авторы. Google X бұрынғы бас коммерциялық директоры; 2.Пол МИЛГРОМ-экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты 2020; 3.Сергей ЛЕЩЕНКО-Microsoft Қазақстан Бас директоры; 4.Қуаныш Ерғалиев- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі; 5.Серік Нөгербеков-Халықаралық G-Global Хатшылығының жетекшісі; 6.Комилжон Кәрімов- Өзбекстан Республикасының Жоғары және арнайы орта білім министрінің бірінші орынбасары; 7. Филудин ГУРБАНОВ- Әзірбайжан Республикасы Білім Министрінің орынбасары; 8.Лукас Хуэй- ASTRI бас техникалық директоры, (Гонгконг қолданбалы ғылымдар және технологиялар ғылыми-зерттеу институты); т.б.
Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары да Нобель фестивалін қолдады, олардың ішінде: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті,М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және т.б.
Фестивальдің басты серіктестері Coca-Cola компаниясы, «ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК, Kinopark кинотеатрлар желісі, Danone компаниясы, АХҚО BCPD және Қазақстанның жаңа мамандықтар мен құзыреттерінің атласын ұсынған BTS Education компаниясы.
Просмотров: 523