“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

[Дата публикации: 20.09.2021, 16:32:11, жариялауды: Әкімшілік]

 

Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін.
Қазан мектебінде болған теракт кезінде жақындары қаза тапқандардың жан-жаралары әлі де жазыла қойған жоқ.
Бұл қайғылы оқиғалар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оқу орнының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруі тиіс.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.
Бұл мәселе Үкімет отырысында егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктерге тапсырмалар берілген болатын. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылығына оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздікті күшейту туралы жеке тапсырма берілді.
Бұл тапсырмалар – жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосуды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарына кіру режимін күшейту және төтенше жағдайлар туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдар бойынша сабақтар өткізу.
Қазіргі уақытта министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірледі.
Осы нормативті-құқықтық актіні талқылау барысында 2000-нан астам сұрақтар мен пікірлер келіп түсті. Бұл құжат кейбір азаматтарды алаңдататынын білеміз.
Олар дабыл батырмаларын, бейнебақылау жүйесін, турникеттерді орнатуға және төтенше жағдайлардағы оқу-жаттығулар өткізуге қарсы екендігін жазды.
Мен бұл ережелердің балаларға қауіп төндірмейтінін, керісінше, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталғандығын мәлімдеймін.
Әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шаралары қабылдануы қажет. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөлуде.
Бұл бейнебақылау камераларымен, күзет сигнализацияларымен, дабыл батырмаларымен, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосу, өткізу режимімен және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементтерімен жабдықтау мәселелеріне қатысты.
Төтенше жағдайлар кезінде техникалық шаралардан бөлек, қызметкерлер мен оқушылар қандай шара қолдану керек деген ақпаратты да білу қажет.
Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту де басты назарда болуы керек.
Біз бұл мәселелерге ерекше көңіл бөлеміз.

Просмотров: 689
20.09.2021, 16:32:11, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар