“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды индустриялық университетінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметіне шақырамыз» акциясы өткізілді

[Дата публикации: 10.09.2021, 13:30:19, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік орган.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, басқа да мемлекеттік маңызы бар адамдар мен нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қауіпсіздік шараларын жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік маңызы бар адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, олардың негізгі міндеттері:

• Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай -ақ оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізім бойынша лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• меншікті қорғау, күзетілетін нысандарда және қорғалатын адамдар баратын орындарында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
• нысандар мен қорғалатын адамдарға төнетін қауіптерді алын ала анықтау, залалсыздандыру;
• терроризмге қарсы тұру;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорғау.

Егер сіз мықты мінезге, темір ерікке ие болғыңыз келсе және отбасыңыз сізді мақтаныш етсін десеңіз, міндетті түрде Қазақстан Республикасының элиталық арнайы бөлімінде – ҚР МКҚ арнайы жасағының «Айбын» Президенттік полкінде әскери қызметті таңдауыңыз керек!


Просмотров: 826
10.09.2021, 13:30:19, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар