“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Студенттер – ҚарИУ еріктілері Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

[Дата публикации: 10.09.2021, 13:40:52, жариялауды: Әкімшілік]

 

Бүгін, 2021 жылдың 10 қыркүйегінде, Қарағанды индустриялық университетінің белсенді студенттер өкілдері, волонтерлер – Жайлыгүл Зкиряқызы Сарсенова, Навруза Сайфуллақызы Хаитова, Саттыгүл Бекполатқызы Капанова, Адина Айтжановна Ибраева, Амина Айтжанқызы Ибраева және Аружан Оразбайқызы Нышанбай белсенділігі өмірлік ұстанымы, әлеуметтік маңызды қызметі үшін «Қамқор» студенттік клубының еріктілер қозғалысының мүшелері Теміртау қаласындағы еріктілер қозғалысының дамуына қосқан жеке үлестері үшін «Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ алғыс хаттарымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, біздің елімізде волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту мақсатында Қарағанды индустриялық университеті 2019 жылдан бастап «Әлеуметтік студенттік несие» республикалық жобасының белсенді қатысушысы болып табылады, Теміртау мен Қарағанды қалаларында қоғамдық -саяси шаралар мен мәдени іс -шараларға белсенді қатысады.

Сонымен қатар, волонтерлік және жастар бастамаларын қолдауға қосқан үлесі үшін ҚарИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Мадина Мейрамқызы Салпенова Теміртау қаласы әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.


Просмотров: 720
10.09.2021, 13:40:52, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар