“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ студенттері Бүкілқазақстандық отбасы күніне арналған іс-шараларға белсенді қатысты.

[Дата публикации: 13.09.2021, 11:36:20, жариялауды: Әкімшілік]

 

Бүкілқазақстандық отбасы күніне арналған іс-шараларға Қарағанды индустриялық университетінің студенттері белсенді қатысты. Отбасы күні – қоғамдағы ең маңызды әлеуметтік мерекесі. Отбасы – бұл адамның табиғи болмысы, оның бесігі, адам болудың негізі, оған адамның және жалпы мемлекеттің болашағы тәуелді. Мереке 2013 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген, содан бері қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Іс-шараны ұйымдастырушы – Теміртау қаласының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тарихи -мәдени орталығы.

Іс -шара барысында біздің студенттер Теміртаудың екі отбасы Исаховтар мен Садықовтардың отбасылық дәстүрлері мен құндылықтарымен танысты, олар өз мысалдарымен отбасы өмірдің негізгі тірегі, сыйластық, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің кепілі, адамгершіліктің, махаббаттың қайнар көзі екенін дәлелдеді. Отбасында адам сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеді. Өйткені, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, адалдық, еңбексүйгіштік, патриотизм сияқты қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын отбасы институты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚарИУ студенттері қала мен облыстың барлық әлеуметтік маңызды әлеуметтік және мәдени іс-шараларына тұрақты түрде белсенді қатысады.


Просмотров: 596
13.09.2021, 11:36:20, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар