2021 жылдың 18 қыркүйегі – Дүниежүзілік Cleanup Day.
[Дата публикации: 20.09.2021, 09:54:23, жариялауды: Әкімшілік]
Бүгін Қарағанды индустриялық университетінің студенттері Теміртау қаласын абаттандыру мен тазарту бойынша қалалық сенбілікке қатысты, осылайша біздің студенттер экологиялық мәселелерді шешуге үлкен үлес қосты. Экологиялық акция 2018 жылы Эстонияда пайда болған. Дүниежүзілік тазалық күнін атап өтеуге қатысты. Содан бері – бұл акция бүкіл әлемде танымал, акцияға миллиондаған адамдар қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Тазалық күнінің басты мақсаты – қоғамды, үкіметті, коммерциялық кәсіпорындарды біріктіріп, планетаны қоқыстардан тазарту және «тұрақты тазалықты» қамтамасыз ету.
Бүгінде акцияға қаланың көптеген кәсіпорындары, мектеп оқушылары мен колледж студенттері, қалалық мәслихат депутаттары да белсенді қатысты.
Біздің студенттер, әрқашан тұратын жерде тазалықты сақтау қажет және қала мен облыстың барлық іс -шараларына белсенді түрде қатысу керек деген пікірде. Біздің бірінші курс студенттерінің бүгінгі акцияға қатысуы да, ұйымшылдық пен ұжымда жұмыс істеу қабілетін көрсеткені де қуантады
Просмотров: 787