2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық аясында студенттер арасында шетелде оқуға құжаттарды қабылдау басталды.
[Дата публикации: 03.08.2021, 15:56:39, жариялауды: Әкімшілік]
2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық аясында студенттер арасында шетелде оқуға құжаттарды қабылдау басталды.
ҚР БҒМ Министрінің сайысына 2 және 3 курс студенттері қатыса алады.
ҚР БҒМ Министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына сәйкес шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариалдық расталған түрлі-түсті көшірме);
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген № 082/у нысанындағы медициналық анықтама;
3. Білім туралы құжаттар (нотариалды расталған түрлі-түсті көшірмелері): ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
4. Ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын құжат:
• ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын халықаралық тұрғыда танылған сертификат (IELTS, TOEFL);
• шетелдік университеттің ағылшын тілі деңгейі бар студентті қабылдауын растайтын келісім хат;
• Қазақстандық университеттің тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен кем емес);
5. Он сегіз жасқа толмаған өтініш берушінің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) шетелге шығуға жазбаша келісімі;
6. Студенттің көп балалы отбасы екендігін растайтын құжат;
7. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін);
8. Мүгедектік туралы анықтама, болған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 10 тамызына дейін. Құжаттарды dep.international@tttu.edu.kz электрондық поштасына немесе Whatsapp 87003715431 zip, rar форматындағы архивтелген файлда жіберу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша мына контактілерге хабарласыңыз:
1) Даирбекова Гульдана Суюндыковна – +77079908187; +77213920594
2) Рахметова Анар Аскарбаевна – 87003715431.
Просмотров: 758