“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу

[Дата публикации: 20.08.2021, 15:47:55, жариялауды: Әкімшілік]

 

Құрметті үміткерлер, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.

Грант саны:
✓ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін – 1300
✓ тілдік курстар үшін – 200
✓ шетел азаматтары үшін – 50
✓ Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200

Коронавирус пандемияcына байланысты дайындық бөлімдеріне түсу үшін құжаттар онлайн режимінде ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы қабылданады.

• Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov-1 сайтында 2021 жылдың «20» тамызынан «05» қыркүйегіне дейін тапсыра алады.
• Қажетті құжаттар:
1) еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
4) 086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz

Қадамдық нұсқаулық


Просмотров: 958
20.08.2021, 15:47:55, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар