“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

[Дата публикации: 28.08.2021, 12:10:32, жариялауды: Әкімшілік]

 

«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға республикалық конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе сканерленген нұсқада hr@tttu.edu.kz электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2021 жылғы 11 қыркүйек, сағат 18.00-ге дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30, бас ғимарат, 221 кабинет, Адами ресурстар департаменті.

Телефоны: 8(7213) 910240

Әкімшілік-басқару персоналының конкурсына ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімі.

Бос лауазым

Бос бірліктер саны Үміткерлерге қойылатын талаптар
Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің директоры

1

– жоғары білім;

-құрылыс/ТКШ/пайдалану-шаруашылық қызмет саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

– соңғы бес жылда біліктілікті арттырудың бір түрінің болуы.

Цифрлық трансформация департаментінің директоры

1

– Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім / өзге техникалық мамандық;

– IT-саласында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

– соңғы үш жылда біліктілікті арттырудың бір түрінің болуы.

Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің деканы

1

-жоғары (маман) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім;

– ғылыми дәрежесінің болуы;

– Білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

– соңғы бес жылда біліктілікті арттырудың бір түрінің болуы.

Металлургия және машина жасау факультетінің деканы

1

Экономика және құрылыс факультетінің деканы

1

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1. Түйіндеме.

2. Жеке куәліктің көшірмесі.

3. Салыстырып тексеру үшін жоғары білімі және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы аттестаттың көшірмелері және түпнұсқалары.

4.Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.

5. Жұмыс орны( қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген У075 нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген медициналық анықтама, вакцинация паспорты.

7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу жөніндегі мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама.

9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

10. Біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар және т.б.).

Конкурсты өткізу: Қарағанды индустриялық университетінің әкімшілік-басқару персоналы лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларына сәйкес (www.tttu.kz).

Құжаттарды мына мекенжайға жолдау және жүгіну: 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, адам ресурстары департаменті (каб. №221). Телефоны: 8(7213) 91 02 40.


Просмотров: 724
28.08.2021, 12:10:32, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар