“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«АрселорМитал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселеріне арналған кездесу

[Дата публикации: 01.07.2021, 16:08:08, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбек «АрселорМитал Теміртау» компаниясымен одан әрі ынтымақтастықты дамыту бойынша кеңес өткізді. Осы іс-шара аясында «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ «ArcelorMital Temirtau» АҚ мен «Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес тау-кен металлургиялық және тау-кен өнеркәсібінде кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау, инновациялық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік материалдарды сараптамалық бағалау, өндіріске инновацияларды енгізу бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жоспарланған.

Компания біздің университеттерде 400 астам студенттерді оқытып шығаруды жоспарлап отыр, олар оқуын аяқтағаннан кейін «ArcelorMital Temirtau» кәсіпорындарына жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, университеттермен ынтымақтастық тараптардың қызметкерлердің біліктілігін арттыру, компания жұмысшылары үшін жоғары білім алу мүмкіндігі, компанияның техникалық мәселелерін шешуге жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін тарту мәселелері бойынша өзара әрекеттесуін қамтиды. Компания осы мақсаттарға шамамен 800 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбек, облыс әкімінің орынбасары А.Нүкенов, С.Шайдаров, Теміртау қаласының әкімі К.Бегимов, «ArcelorMital» компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гойал, ««ArcelorMital Temirtau»» АҚ бас директоры Биджу Наир және басқа да ресми тұлғалар қатысты.


Просмотров: 762
01.07.2021, 16:08:08, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар