“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Стипендиялық бағдарлама – 2021

[Дата публикации: 03.06.2021, 11:14:51, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдік студенттерге, оның ішінде республика азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты өкілдеріне арналған Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №389 бұйрығы).

2021 жылы бакалавриат бағдарламалары бойынша 490, магистратураға 50, докторантураға 10 степендия беру  жоспарланып отыр. Өтініштер 2021 жылғы 7 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша стипендиялық бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімін анықтады. Толық ақпарат сайтта көрсетілген: https://enic-kazakhstan.kz/.

Қосымша ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8 7172 287526, электрондық пошта: admission@n-k.kz.

Кітапша


Просмотров: 747
03.06.2021, 11:14:51, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар