“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды индустриялық университеті «Ashyq» қауіпсіз қызмет көрсету пилотты жобасының мүшесі болып табылады.

[Дата публикации: 25.06.2021, 15:23:36, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Ashyq» мобильді қосымшасын Денсаулық сақтау министрлігі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі), Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы (Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан “Атамекен”) бірлесіп әзірлеген.

«Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің (ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК) 2021-2022 оқу жылында үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету үшін және университеттің профессор-оқытушы құрамы, қызметкерлері және білім алушылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын азайту үшін ұсынылып отыр.

Университетіміздің барлық ғимараттарына кіру «Ashyq» мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылатын болады. Ashyq функционалы «eGov» Портал Портал Egov.kz, «Kaspi.kz» Kaspi.kz және «Halyk Homebank» Halykbank мобильді қосымшасында іске асырылған.

Мобильді қосымша QR-кодты пайдалану арқылы келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, QR-код келушілер мен қызметкерлердің COVID-19 жұқтыру қаупін азайтады. QR-код ПТР (полимеразды тізбекті реакция) ортақ базасымен интеграцияланған.

Университетке келушілерді кіргізу мекемеге кіреберісте немесе шығаберісте көрсетуі үшін келушінің мәртебесін айқындауға арналған арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады:

‒ «ЖАСЫЛ» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде көрсетілген;

‒ «КӨК» мәртебесі – ПТР тестілеу нәтижелері жоқ, COVID-19 науқаспен байланыста болған ретінде есептелмейді;

‒ «САРЫ» мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болған ретінде көрсетілген;

‒ «ҚЫЗЫЛ» мәртебе – базада COVID-19-қа оң нәтижемен тіркелген.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда объекті қызметкері келушінің келісімімен ақпараттық жүйеде оның мәртебесін тексереді.

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 36-қосымшаға сәйкес мынадай: «сары» (COVID-19-бен байланыста болған), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижесі бар) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілердің пилотты жобаға қатысатын объектілерге кіруіне жол берілмейді.


Просмотров: 890
25.06.2021, 15:23:36, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар