“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарМУ «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басқа университеттермен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асыруда

[Дата публикации: 27.05.2021, 14:48:17, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінің кафедралары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы негізінде 2021 жылы мамырда Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының магистранты Александр Сергеевич Щербов «Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттың өндірістік практикасы VPN технологияларын, технологиялық желілердің сипаттамаларын зерттеу және оларды басқару тақырыбына арналды.

Ғылыми тағылымдама аясында магистрант «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының жұмысымен, оның материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен, кафедраның және жалпы университеттің негізгі ғылыми бағыттарымен танысты, сонымен қатар диссертациясының бір тарауына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асырды. Жемісті жұмыс нәтижелері бойынша магистрант А.С. Щербов, өзінің ғылыми кеңесшісімен бірге «ҚарМИУ Хабаршысы» журналына жариялау үшін «Қолданушыларды авторизациялаудың қосымша әдістерін қолдану» атты ғылыми мақаланы  дайындады, тағылымдамадан өткендігі туралы сертификат алды.


Просмотров: 925
27.05.2021, 14:48:17, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар