“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ КӨЛІК» КАФЕДРАСЫ ТЕМІРТАУ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА «ЖАС МЕХАНИК» КОНКУРСЫН ӨТКІЗДІ

[Дата публикации: 20.05.2021, 12:17:17, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінің «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы 2021 жылы 19 мамырда студенттер құрамын құру (кәсіптік бағдар) бойынша іс-шаралар шеңберінде Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері арасында «Жас механик» байқауын өткізді.

Байқау барысында студенттер механик мамандығының теориясы мен практикасын білу бойынша тапсырмаларды орындады. Жарысқа қатысушылар «Фрезершілер» және «Токарлар» екі командаға бөлінді, әрқайсысы өз капитандарын тағайындады. «Жас механик» байқауының қорытындысы бойынша бірінші орынды «Фрезершілер» командасы иеленді. Байқауға белсенді қатысқаны үшін колледж студенттері Бекнар Музакир, Оралхан Нысанбаев дипломдармен марапатталды. Байқауды  ұйымдастырған және тапсырмаларды дайындаған «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушысы Г.Д. Исабекова. Конкурсқа қатысушылар сонымен қатар кафедраның материалдық-техникалық базасымен танысты, оқыту бейіні бойынша білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алды.

Колледж студенттерін байқауға дайындауды Теміртау жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары А.М.Сұлтанбаева, Б.А. Ахметов, А.С. Ахметов.


Просмотров: 894
20.05.2021, 12:17:17, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар