Электроника заманы.
[Дата публикации: 20.04.2021, 15:43:11, жариялауды: Әкімшілік]
Қазіргі жағдайда кез-келген бейінді маман электротехника және электроника негіздерін терең білуі керек. Осыған байланысты 2021 жылы 19 сәуірде «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің әдістемелік апталығы аясында «Энергетика» кафедрасында аға оқытушы Т.И. Сиверская ӨНЭҚЭПО-19қ және АИЖ-19қ топтарында «Электроника» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер «Бір фазалы түзеткіштерді зерттеу» тақырыбында зертханалық жұмыстар орындады.
Зертханалық жұмыстың мақсаты:
1) бірфазалы түзеткіштердің негізгі тізбектерін зерттеу;
2) түзеткіштердің сипаттық нүктелерінде толқын формаларын қалай алу керектігін үйрену.
Зертханалық жұмыстардың бұл түрін орындау студенттерде зерттеу жүргізу және физикалық құбылыстарды электронды тізбектерде талдау, электр тізбектерінде әр түрлі электронды құрылғыларды қолдану, сонымен қатар қолдану сипаттамаларына байланысты электрондық құрылғылардың түрлерін таңдау қабілеттерін қалыптастырады.
Просмотров: 782