“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ Еуропаның жетекші профессорлары дәріс оқиды

[Дата публикации: 08.04.2021, 12:37:39, жариялауды: Әкімшілік]

 

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жыл сайын әлемнің жетекші шетелдік университеттерінің профессорлары тұрақты түрде университетіміздің студенттеріне арналған дәрістер, ғылыми конференциялар мен форумдар өткізеді. Коронавирустық пандемияға байланысты қазіргі жағдай өзіндік түзетулер енгізді және биыл ондай дәрістер онлайн режимінде өткізілуде.

Қазіргі уақытта ФӨТ-4қ -1 тобының бірінші курс студенттері Линк Кампус Университетінің (Италия) Зияткерлік және стратегиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Алессандро Фигустың дәрісіне қатысуда және қашықтықтағы технологиялар арқылы «Social, health, pharmaceutical and quality standard public policies»…пәнін оқып жатыр.

Профессор Алессандро Фигустың дәрісінің мазмұны денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың мәселелері мен негізгі бағыттарына арналған.

Бұл серіктестік виртуалды академиялық ұтқырлықты дамытуға және халықаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Атап өту керек, Қарағанды индустриялық университетінің тарихы, сондай-ақ металлургия, энергетика, машинажасау, құрылыс, экономика, бизнес және ІТ-технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы бай тәжірибесі бар, сонымен бірге ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде халықаралық қатынастар орнату бойынша жұмыстар белсенді түрде жүзеге асырылады және тұрақты түрде шетелдік әріптестерімен қолданыстағы білім беру бағдарламалары шеңберінде де, болашақта да серіктестікті нығайтылады.


Просмотров: 591
08.04.2021, 12:37:39, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар