“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ-да «Антиплагиат» жүйесінде дипломдық және ғылыми жұмыстарды тексеру» тақырыбында мастер-класс өткізілді

[Дата публикации: 30.04.2021, 19:40:52, жариялауды: Әкімшілік]

 

29 сәуірде Парасаттылық мектебінің әдістемелік апталығы аясында профессорлық-оқытушылық құрамға және қызметкерлерге  арналған «Антиплагиат» жүйесінде дипломдық және ғылыми жұмыстарды тексеру» тақырыбында онлайн форматында мастер-класс жүргізілді.

Бірлескен мастер-класс «Антиплагиат» компаниясының (РФ Мәскеу қаласы) оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі О.С.Беленькаямен жүргізілді.

Мастер-класс мақсаты – ЖОО-да дипломдық және ғылыми жұмыстарды «Антиплагиат» жүйесінде тексеру жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсету.

Аталған шара ғылыми әдеп принциптерін сақтау, академиялық ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру, дамыту мақсатында  пікір алмасу алаңына айналды.    Оқыту вебинарының соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Просмотров: 1  115
30.04.2021, 19:40:52, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар