“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ спорттық-ойын-сауық эстафетасы өткізілді

[Дата публикации: 22.04.2021, 13:56:32, жариялауды: Әкімшілік]

 

Әдістемелік апталық аясында Қарағанды индустриялық университетінің «ҚТ,ӘГПжДТ» кафедрасының «Дене тәрбиесі» секциясы университет студенттері мен ҚарИ жанындағы Техника-экономикалық колледжінің студенттері арасында спорттық-ойын-сауық эстафетасын өткізді.

Іс-шаралар бағдарламасына: үстел ойындары бойынша турнир (шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ) және тоғыз кезеңдегі спорттық-ойын-сауық эстафетасы кірді.

Жарыс ҚарИУ спорт ғимаратында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.

Бірінші орындарға: шахматшылар – Марат Мусаев (ӨТЖ-20) және Ермахан Амирали (ЖЭЖжЭЖЖ -19 тобы ТЭК) ие болды. Даутай Гүлнұр (ФӨТ- 20қ) шашка мен тоғызқұмалақтан бірінші орынды жеңіп алды.

Карантинге байланысты спорттық-ойын-сауық эстафетасы қысқартылған құрамда және көрерменсіз өтті.

Орындар келесідей бөлінді: 1 орынды – ЭКжЖБФ командасы, 2 орынды – МжМФ командасы, 3 орынды – ЭжҚФ және TЭK командалары иеленді.

Жарыстар қызықты, көңілді, ең бастысы, жарақатсыз өтті. Біздің студенттер жарыстың барлық кезеңдеріне белсенді қатысты, командалық рух пен жеңіске деген жігерлік танытты.


Просмотров: 956
22.04.2021, 13:56:32, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар