“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ «Үздік ғылыми-инновациялық идея» конкурсының қорытындысы

[Дата публикации: 22.04.2021, 11:50:38, жариялауды: Әкімшілік]

 

2021 жылы 21 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінде студенттерге, магистранттарға, жас ғалымдарға және жалпы, орта кәсіптік, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Үздік ғылыми-инновациялық идея» конкурсы өткізілді.

Конкурс студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың ғылыми және инновациялық идеяларды дамыту үшін сапаны жақсартуға үлес қосып, жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы мен кәсіби тәуелсіздігін арттыруға, университеттің стратегиялық серіктестері болып табылатын өндірістік кәсіпорындарды тартуға бағытталған.

Бұл іс-шараға университеттің студенттері мен магистранттары қатысты.

Конкурсқа  келесі тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстар қабылданды:

– металлургия мен металлургияның дамуындағы инновациялар;

– цифрландыру, болашақ энергиясы және жасыл экономика;

– машина жасау және көлік;

– қазіргі физика-математика ғылымдары;

– сәулет және құрылыс;

– Рухани жағыру: қоғамдық сананы жаңғырту; – Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту.

Қатысу үшін 6 жұмыс ұсынылды. Инновациялық идеяларға қатысты  сараптаманы ҚарИУ Басқарма төрағасы – ректорының бұйрығымен бекітілген Конкурстық комиссия өткізді.

Конкурсқа қатысушылардың жұмысының нәтижелері бойынша конкурстық комиссия келесі орындарды бөлді:

1 орын – ЭЭ-20ғб тобының магистранты Айдин Мураткызы Есимханова.

2 орын – ӨТЖ-19 тобының студенті Виктор Сергеевич Кузьмин.

3 орын – ЭБ-19ғб тобының магистранты Елена Владимировна Кан.

Конкурсқа  қатысушылар іс-шараның маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл сыни ойлау мен жастардың шешімін өз бетінше іздеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.


Просмотров: 1  090
22.04.2021, 11:50:38, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар