ҚарИУ студенті Қосаева Ұлжан 2021 жылдың 12-інші сәуір «Ғылым күніне» орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығын атап өтуге арналған «GYLYM JÄNE BILIM-2021» ғылыми конференциясына қатысып ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
[Дата публикации: 27.04.2021, 16:06:42, жариялауды: Әкімшілік]
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара MS Team платформасында on-line форматта өтті.
Қарағанды индустриялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» мамандығының 1-ші курс студенті Ұлжан «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Солтан М.С. ғылыми жетекшілігімен конференцияға қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған зерттеу жұмысы негізінде жазылған «Тәуелсіз Қазақстанның бірінші ханымы» атты тақырыпта баяндама жасады.
Конференцияның «Тарих ғылымының өзекті мәселелері: жаңа көзқарастар мен перспективалар» секциясы жұмысына қатысып үздік нәтиже көрсетіп өз ойын ортаға салды. Техникалық салада бағдарламашы мамандығында білім алып жатқанына қарамастан Ұлжанның тарихи ізденісі, қызығушылығы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің профессор-оқытушылар қауымы тарапынан қызығушылық тудырды.
Ғылыми конференцияға Қазақстанның әртүрлі облыстарынан доктаранттар мен магистранттар, студенттер қатысты. Сонымен қатар Ресей, Венгрияның Түркия елдерінің жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура, докторантура оқитын тарихшылар қатысқан болатын. Қатысушылар тарих және этнология салаларының әр түрлі бағыттарында қызықты әрі танымды тақырыптағы жұмыстарын әділқазы алдында талқылап ой бөлісті.
Просмотров: 1 601