“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ҚарИУ» КЕАҚ пен «ҚазСтандарт» РМК ҚФ арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды

[Дата публикации: 08.04.2021, 17:06:57, жариялауды: Әкімшілік]

 

2021 жылы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалы мен «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ арасында меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға қатысушылар ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспарларымен,  жұмыстардың келесі бағыттарымен бөлісті:

– техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру;

– техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

– техникалық реттеу, стандарттау және метрология жүйесін жетілдіру және дамыту мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

– «ҚазСтандарт» РМК ҚФ базасында «Стандарттау, метрология және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге өндірістік практикадан өту ұйымдастырылады.

Іс-шара аясында қонақтар Қарағанды индустриялық университетінің «Электрондық микроскопия және нанотехнологиялар» инженерлік бейінінің зертханасында болып, «Металлдарды қысыммен өңдеу», «Құрылыс» және «Технологиялық машиналар және көлік» кафедраларының материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты..

Бұл диалогтың нәтижесі одан әрі жұмыс жасау үшін Жол картасын әзірлеу туралы шешім болды, бұл көптеген тығыз ынтымақтастыққа және «КазСтандарт» РМК КФ мамандарының өндірістік тәжірибесін және КарИУ ғылыми әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Іс-шараға Басқарма төрағасы м.а.- ректор, биология ғылымдарының докторы Б.С. Абдрасилов және «ҚазСтандарт» РМК ҚФ директоры Р.М. Ахмеров қатысты.


Просмотров: 1  082
08.04.2021, 17:06:57, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар